
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың 2010 жылы «Қырғызстандағы адам өліміне Қазақстан кінәлі» деген сөзіне қатысті пікір білдірді.
«Біз президенттің бұл сөзінен хабардармыз. Қазіргі кезде Қырғызстан тарапынан түсініктеме күтіп отырмыз. Әзірше бар ақпарат осы. Жаңа мәлімет болса, бірден хабар береміз», — дейді сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.
Jasqazaq.kz сайты («Атамбаев қазақтың жақсылығын ұмытты ма?») жазғандай, А.Атамбаев осы сұхбатында 2010 жылы Қырғызстанда болған саяси төңкерістен кейін «Қазақстан Қырғызстанға блокада жасап, соның салдарынан адам шығыны болды» деп мәлімдеген еді.