jasqazaq.kz

500 адам қар құрсауынан құтқарылды

20 ақпан 2017, 17:48

Жексенбі күні қар құрсауында қалған 500-ден астам адам құтқарылды, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатты жел мен бұрқасын Айыртау, Темірязев, Жамбыл, Есіл, Аққайың, Тайыншы және Шал ақын аудандарындағы республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар тасжолдардағы көлік қозғалыстарына кедергі келтірді. Бір тәулік ішінде департаменттің кезекші диспетчерлік қызметі басқармасына қар құрсауында қалған азаматтар туралы 1800-ден астам телефон қоңырауы мен хабарлама келіп түскен. Қар құрсауы туралы 32 жағдай тіркеліп, 578 адам, соның ішінде 93 бала және 196 техника құтқарылды. Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 23 инженерлік техника мен жеке құрамның 45 адамы көмек көрсетті. Қаза тапқандар мен зардап шегушілер болмады. Құтқарушылар атап өткендей, СҚО тұрғындары табиғи апат туралы алдын ала БАҚ және SMS хабарламасы арқылы құлағдар етілген. Облыс аумағында жексенбі күні кешке және бүгін барлық бағыттағы автокөліктер үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде