jasqazaq.kz

Әріптесіне қол шапалақтаған полицейлер жауапқа тартылады (видео)

20 ақпан 2017, 10:59

Қостанайда “пара алды” деп айыпталған қостанайлық полицейлердің соты болғанда “сабақ алсын” деп апарған әріптестері үкім шыққанда қол шапалақтап, “қызық” қылды.

caravan.kz хабарлағандай, “Рубеж» бекетінде тұрып, пара талап еткендердің сотына барған погондағылардың көптігі сондай, кейбір басылымдардың жазуына қарағанда залға сыймаған. Бұрынғы болса да әріптестерімен жаны бірдей екендерін көрсеткен – айыпталған 3 полицейдің үшеуінің де түрмеге жабылмайтыны белгілі болғанда, тасырлата қол соқты.

Жол-патрульдік полиция батальонының екі қызметкері Арман Көпжасаров пен Ермек Исанов және көші-қон полициясының қызметкері Алмат Қабенов 2 эпизод бойынша айыпталды – 1. Күнбағыс тұқымы тиелген 7 «КамАЗ» көлігін бастап жүрген азаматтан 7 мың теңге пара алған. 2. Мас болып көлік айдаған ресейлік азаматтан 100 мың теңге алған.

Алмат Қабенов кінәсін мүлдем мойындамады. Оны бірінші эпизод бойынша ақтап, екінші эпизод бойынша кінәлі деп тапты – пара алуға болысу бабы бойынша. 5 млн 99 мың теңге айыппұл төлейді. Ермек Исановқа 5 млн 590 мыңға жуық, ал Арман Көпжасаров 7 жарым миллиондай айыппұл салынды. Сотталғандардың туысқандары айыппұлдардың қомақты бөлігін төлеп те қойыпты, қалғанын бір айдың ішінде төлеулері керек. Төлемесе – түрме. Олардың дүние-мүлкі де тәркіленеді.

Ал сотта қол соққан қостанайлық полицейлер енді жауапқа тартылуы мүмкін. Оларға қатысты қызметтік тексеріс басталып кетті, деп мәлімет берген Жергілікті полиция қызметінің бастығы Нығмет Смағұлов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде