jasqazaq.kz

Мысыр жақындай түсті

20 мамыр 2016, 19:26

Алдағы уақытта Алматы облысының туризм саласына баса назар аударылып, тәжрибелі Мысыр елінің озық үлгілерімен танысатын болады. Бұл туралы Алматыға ресми сапармен ат басын бұрған Мысыр туризмінің әкімшілігі мен Мысыр мейманханашылары қауымдастығы өкілдерінің, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевпен кездесуінде мәлім болды.

1

Ресми делегациямен қатар Алматыға Оңтүстік Синай губернаторы Халид Фуда, Мысыр туризмі әкімшілігінің  жоспарлау бөлімінің басшысы Ахмет Шокри, Мысыр мейманханашылары қауымдастығының басшысы Ахмет Аюб сондай-ақ 13 жетекші мысырлық-туристік операторлардың өкілдері келді.

Кездесу барысында Алматы облысы мен Мысырдың ең танымал туристік аймағы Оңтүстік Синай провинциясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары  Серік Тұрдалиев; « Біз үлкен келісімге қол қойып отырмыз.  Алматы облысы мен Оңтүстік Синай арасындағы келісім біз үшін өте маңызды. Екі жақты келісімнің басты мақсаты- білім, мәдениет, спорт, туризм саласын дамытуға бағытталады. Осы орайда, Египет бізе үлкен мүмкіндіктерді ашып отыр. Сонымен қатар бұл келісім екі елдің туристік компаниялары арасында серіктестік қарым-қатынастың нығаюына негіз болады »-деп атап өтті.

Дәстүрлі түрде туризм Мысыр экономикасының ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 4 миллионнан астам мысырлықтар туристік салада жұмыс жасайды. Елдің жалпы ішкі өнімінің 12%  жуығы – туризмнен түсетін табыс. Соңғы онжылдықта Мысырға бағыт алған туристік ағын үш есе артты.

Туризм үшін ең танымал аймақтар болып Оңтүстік Синай мен Қызыл теңіз жағалауы қалуда, олар туристік ағынның 70 % қамтиды.

2

Еліміздің тұрғындарына арналған  Мысырдағы туристік мүмкіндіктерге келер болсақ, Мысырдың туризм министрлігі және мысырлық туроператорлар екі елдің тиімді ынтымақтастығының жалғасуына ниет білдіріп отыр. Бүгінгі күні қазақстандық туристерге ең жоғарғы сападағы қызметтің жаңа түрлерін ұсынуға дайын.

Айта кетелік, соңғы 60 жыл ішінде әлемде туристер саны бір жылда 25 триллионнан 1 миллиард адамға дейін артқан. Бұл сала тұрақты түрде дамып жатыр. Қазіргі таңда жер шарының әрбір 11-ші тұрғыны туризм саласында қызмет етеді.

Ал елімізден Мысырға баратын туристер саны да жылдан жылға артуда. Былтыр Мысырға біздің елден 22 мыңнан астам адам туристік сапармен барып қайтқан.

 

Мақпал Ноғайбаева

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде