jasqazaq.kz

Қазақ -өзбек текетіресі: Кімнің пайдасына шешіледі?

18 ақпан 2017, 16:08

Бүгін Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Астана арландары» мен Өзбекстанның «Өзбек Тайгерс» командасы Талдықорғанда кездеседі.

Осының алдында Қазақстан командасы Ресейде жергілікті «Patriot Boxing Team» клубын 3:2 есебімен ұтқан еді. Бұл жолғы қарсыластың құрамы қарымды. Оңай шағылар жаңғақ емес. Талдықорғанда Өзбекстанның Олимпиада ойындарында жүлде салған боксшылары да жұдырықтасады.

Өзбектің Рио Олимпиадасында жүлдегер атанған үш боксшы бүгін шаршы алаңға шығады. Ал «Астана» арландар» сапында Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен тек бір боксшы ғана болмақ.

52 келі: Олжас Сәттібаев – Аброржан Қадыров

Бокс кешін 52 келідегі оғландар бастайды. «Астана арландары» намысын капитан Олжас Сәттібаев қорғайды. Қарсыласы – Аброржан Қадыров. Қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өткен жылы Азат Махметовтен таяқ жеген еді. Сондықтан Сәттібаевтың мүмкіндігі жоғары деп бағалауға болады.

60 келі: Зәкір Сафиуллин – Муроджан Ахмадалиев

Зәкірдің халықаралық жетістіктері аса көп емес. Ал 22 жастағы өзбек боксшысы соңғы 2-3 жылда өзін мойындата білді. Осыдан 2 жыл бұрын Дохадағы әлем чемпионатында финалға дейін жетіп, кубалық Лазаро Альварестен ғана ұтылды. Былтыр Рио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған. Зәкір өз жерінде аянып қалмас. Сондықтан жанкүйерлерді қызықты кездесу күтіп тұр деуге болады.

69 келі: Асланбек Шымбергенов – Шахрам Гиясов

Шахрам Гиясов та қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. Рио Олимпиадасының финалында Данияр Елеусіновтен жеңілген. Бірақ финалға дейін оның көрсеткен өнері спорт жанкүйерлерін сүйсінткен еді. Жартылай финалда марокколық әлем чемпионы Мохаммед Рабидің өзін ұтып кеткен болатын. Бұл жолы Гиясов тараздық Асланбек Шымбергенов кездеседі. Асланбектің қарсыласынан бір артықшылығы Бүкіләлемдік бокс сериясындағы жинаған тәжірибесі. Ол бұл турнирде 7 жекпе-жек өткізген. Оның ішінде кубалық Олимпиада чемпионы Роньель Иглесиас Сотолонгоны да қапы қалдырған еді.

81 келі: Нұрдәулет Жарманов – Бектемір Меликузиев

Жармановқа оңай болмайды. Азия чемпионатында Жәнібек Әлімханұлын жеңген Бектемір жастығына қарамастан толағай табыстарға жеткен боксшы. Нанкин Олимпиадасының чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы. Өткен жылы Рио Олимпиадасында екінші орын алған. Дохадағы әлем чемпионатында финалға дейін жеткен. Бірақ ол бұл атақтың бәрін 75 келіде еншілеген. Ол Талдықорғанға жаңа салмақта, яғни 81 келіде келіп отыр. Жарманов жанкүйерлерін жерге қаратпайды деп үміттенеміз.

+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев – Баходыр Жалолов

Аса ауыр салмақта қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаевқа сенім артылып отыр. Әскерилер арасындағы әлем чемпионы Қоңқабаевтың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Қарсыласы Дохадағы әлем чемпионатында қола жүлде алған. Олимпиада ойындарында жарысты ширек финалда аяқтады. Ал WSB аясындағы бірінші кездесуі. Қамшыбек бұған дейін бұл серияда үш жекпе-жек өткізген.

Айта кетейік, бокс кеші бүгін Талдықорғандағы «Жастар» спорт кешенінде өтеді. Теледидардан 18:00-де тікелей эфирден көруге болады. Көрсету құқығы «Хабар» арнасына тиесілі.

baq.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде