jasqazaq.kz

Астандағы зәулім ғимарат 24 миллиард теңгеге сатылды

20 мамыр 2016, 18:19

photo_26145

«Асыл тас» деп аталатын ғимарат 24 миллиард теңгеге сатылды. Кеңселер ғимаратының кешеніндегі біреуі Астанадағы ең биік үй саналады. Сатушы — «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның «Emerald Tower» ЖШС еншілес компаниялары. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында хабарланды.

Сауда-саттық келісімшарты 2015 жылдың желтоқсанында жасасқан екен. Алайда бұл туралы 2016 жылдың 13 мамырынан бергі сату-сатып алу келісімі жарияланғаннан кейін белгілі болды.

Құжаттағы мәліметтерге сүйенсек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазТемірТранс» АҚ, «Локомотив» АҚ, «Қазтранссервис» АҚ, «Локомотив сервис орталығы» АҚ, «Транстелеком» АҚ «Emerald Tower» кешенін сатты.

Нысанның жалпы сомасы 24,3 миллиард теңгені құрады. Сатып алушы қаражаттың 34 пайызын (8 миллиард 262 миллион теңге) төледі. Қалған сома үшке бөлінді. Сатып алушы ҚТЖ-ға 2016 жылдың 30 қарашасына дейін қалған қаржыны беру керек.

Ашық дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, көпқабатты үш зәулім ғимараттан (37, 40, 53 қабаттан) тұратын кешеннің құрылысы 2006 жылы басталған. Кешен пайдалануға 2011 жылы беріліпті. Ғимараттардың концепциясын архитектор Рой Варакалли мен Zeidler Partnership Architects (Канада) фирмасы «Базис» институтымен бірге жасаған. 32-ші қабаттан бастап келесі қабаттардың ауданы үлкейе береді. Кешеннің ауданы — 280 мың шаршы метр.

 

Tengrinews.kz 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде