jasqazaq.kz

Қанат Ислам Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірді (видео)

18 ақпан 2017, 9:42

Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) мен бразилиялық Робсон Ассис (16-3-0, 9 КО) арасындағы жекпе-жек аяқталды. Жекпе-жек небәрі бір раундтқа созылды. Қанат жекпе-жекті қарқынды бастады. Дегенмен Қанат Исламның қабағына жарақат салынды. Бұған қарамаған қазақ боксшысы қарсыласын бұрыштан бұрышқа қуалап жүріп, соққыларын дарытты. Раундтың соңғы секундтары қалғанда, Қанаттың оң қолымен сермеген жұдырығы қарсыласын шалқасынан құлатты. Бұл соққыдан Робсон есеңгіреп, тұра алмады. Жекпе-жектен кейінгі сұxбатында Қанат Ислам барша қазақ жұртына, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты.

https://www.youtube.com/watch?v=0SHUXzRXmIs

Боксшылардың кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өткен болатын. Бұл әлемге «Қазақ» деген атпен танылған Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 23-ші кездесуі. Қанат осыған дейін 22 кездесуінде жеңіске жетіп, оның 18-ін нокаутпен аяқтаған. Ал, Робсон кәсіпқой рингте 19 кездесуінің 16-ын жеңіп, 9 жекпе-жегінде қарсыласын мерзімінен бұрын ұтып, үшеуінде жеңіліске ұшыраған.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде