jasqazaq.kz

Дизель отынын заңсыз тасымалдаған

20 мамыр 2016, 16:04

20-05-16-disel

Атырау облысында мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау дерегі анықталды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

«Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі мен жергілікті полицияның бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында Атырау-Доссор трассасында «Қарабатан» уақытша бекетінде Daf Te 105Xf маркалы тіркемелі автомашина тоқтатылды. Аталған автомашина тексеріліп, тіркемесінде 26 дана арнайы пластикалық ыдыстарға құйылған шамамен 26 000 литр сұйықтық анықталған. Жүктің ілеспе құжаттары бойынша аталған ыдыстарда «Этиленглеколь» химиялық заты деп жазылған. Жүк жөнелтуші ретінде Granit жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көрсетілген. Бірақ, көрсетілген ыдыстарды ашқанда мұнай өнімінің (дизель жанармайы) иісі бар майлы сұйықтық анықталды.

Осыған орай мән-жайды анықтағанша тіркемелі автокөлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Ал аталған жайт бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қыметі Қылмыстық кодекстің 197-бабының 1-тармағымен (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ, мұнайды қайта өңдеу) сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында Granit серіктестігі тіркелмегені белгілі болды. Демек, жайт бойынша жалған құжаттар жасау қылмысының белгілері бар. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында көрсетілген жүктен үлгілер алынып, сараптама жүргізу үшін «АтМӨЗ» мамандары тартылды. Алдын ала берілген қорытындыға қарағанда, тіркемелі көліктегі пластикалық ыдыстардағы сұйықтық «дизель жанармайы» болып табылады.

Қылмыстық істі тергеу жалғастырылуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде