jasqazaq.kz

Жеңіл көлікке соғылған шағын автобус өртеніп кетті (видео)

17 ақпан 2017, 13:56

Павлодар облысында тасжолда микроавтобус жеңіл көлікке соғысып, өртенді кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Жол апаты Байқоныс ауылының маңында Павлодар-Омбы тасжолында болған, онда Volkswagen Transporter және Nissan Cefiro көліктері соғысқан.

Куәгерлердің айтуыша, соғысқаннан кейін микроавтобус өртенген. Өртенген көліктің салонындағы адамдар сыртқа шығып үлгерген. Куәгерлер оқиғаның видеосын YouTube желісіне жүктеді. Видеоның кадрларында өртенген автобус пен жол бойында жатқан адамдар түсірілген. «Жол-көлік оқиғасының салдарынан Nissan Cefiro жүргізушісі мен жолаушылары зардап шеккен. Олар түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деді өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметінің мамандары.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен адамдарды жол-жөнекей кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі ала кеткен. «Павлодар облысының үш тұрғыны Қашыр аудандық ауруханасына жеткізілген. 1959 және 1983 жылғы екі ер адамның халі орта деңгейде, ал 55 жастағы бір жолаушы жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта оны санитарлық авиация арқылы облыстық ауруханаға жеткізі мәселесі қарастырылп жатыр», — деді өңірлік білім басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Махаббат Мұхамадиева.

https://www.youtube.com/watch?v=zaw4kHKgoCI&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде