
Испанияның Бургос қаласында 64 жастағы әйел егіз сәбиді, яғни ұл мен қызды дүниеге әкелді. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Дәрігерлердің айтуынша, оған кесір тілігі жасалған. Жаңа туған ұлдың салмағы 2,4 келі, ал қыз баланың салмағы — 2,2 келі тартқан.
БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, 64 жастағы әйел жүкті болар алдында АҚШ-та репродуктивті курстардан өткен.
Испанияда соңғы бірнеше жылда 60-тан асқан екі әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелген.
Мұндай оқиғалар басқа мемлекеттерде де тіркелген. Былтыр сәуірде Үндістанда 70 жастағы Далджиндер Каур есімді келіншек тұңғышын дүниеге әкелген болатын. 2016 жылдың тамызында Тасманияда 63 жастағы әйел алғаш рет ана атанған.
Айта кетейік, былтыр елімізде 40 жастағы әйел 14-ші сәбиін өмірге әкелді.