
Пәкістанның солтүстік-батысында қос бірдей жарылыс болып, 6 адам қаза тапты. Алғашқы жарылыс Галанай қаласындағы әкімшілік ғимараттың алдында болды.
24.kz хабарлағандай, жарылғышты «Талибан» тобының жанкештісі іске қосқан. Салдарынан үш полицей мен екі бейбіт тұрғын көз жұмды. Іле-шала Пешааваар қаласында екінші жарылыс болды. Шабуылды мотоциклге мінген қаскөй жасаған. Ол сот өкілдері мінген көліктің жанына келіп, жарылғышты іске қосқан. Қастандықтан көлік жүргізушісі қаза тауып, тағы бес адам жараланды.