Луина өзі көптен күткен бейнебаянының тұсауын кесті. “В интернете” деп аталатын туынды небәрі бір күннің ішінде рекордты көрсеткішке қол жеткізді.

Нақтылайтын болсақ, жаңа бейнебаянды бір тәуліктің ішінде 200 мыңға жуық адам тамашалап үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz. Оған бейнебаянның алдын ала жария етілген тизері сеп болған ұқсайды.
Білген адамға, бұл үлкен көрсеткіш. Қателеспесек, тіпті, миллиондаған тыңдарманы бар Қайрат Нұртастың соңғы бейнебаянын (“Жұбатуға арналады бұл әнім”) бір күнде 100 мыңдай жан тамашалаған болатын.
Десе де, тыңдармандардың кейбірі туындының ел күткендей деңгейде болмағанын айтқан.
“Тизеріне қарап жаратын бірдеңе болатын шығар деп едім, бомбаны тек 91 мен Асаннан күтеміз енді”, “Мен үшін біртүрлі клип, бейнебаянның да, мәтіннің да мағынасын түсінбедім, әуен әдеттегідей Луинаның стилінде, бұл бейнебаян да ән де хит болмайды, ерекшелік жоқ”, “Шыны керек, бұл клипте ешқандай идея жоқ, әуені де онша емес. Даусы бар, бірақ клипте бірдеңе жетіспейді”, “Бәрі дұрыс сияқты, бірақ харизма жоқ, бірдеңе жетіспейді. Осы қыздар кім үшін ән салып жүр деген сұрақ туындайды. Өздері үшін бе? Мәселен, Ахмадиева мен Дұғалованы тыңдауға болады. Олардың әндерін клипсіз де масаттана тыңдауға болады”, – дейді желі қолданушылары.