
Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі белесі. Осы кезеңде бізге сырттан көз тігіп, сынай қарап отырғандар көп. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада мемлекеттің 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың твиттер аккаунты.
«Әлем алдында ұятқа қалмай, күрделі мәселені сындарлы сұхбатпен шеше алатынымызды паш ете білуіміз керек. Бірлігі болмағандықтан, берекесі кеткен, неше жылдық еңбегі зая болып, дамуы кері қашқан қаншама елдер бар. Біз солардың қателігін қайталап, жұрттың табасына қалмауға тиіспіз. Біз бірлігі берекелі елдің ырысы мол боларын білеміз», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.
bnews.kz