Алматы қаласының тұрғындарын толассыз жауған жаңбыр ғана емес сынған талдар да әбігерге салуда. Көлшік суды кешіп жүрген жұрт енді құлаған талдарды айналып өтуге мәжбүр болып жүр. Бүгін Мыңбаев көшесінде сынған тал Kia Rio автокөлігін басып қалса, Виноградов және Мұратбаев көшелерінің қиылысында тағы бір ағаш Opel Astra көлігінің үстіне құлаған. Бұл туралы motor.kz хабарлады.



