jasqazaq.kz

Алматы әуежайының екі қызметкері ұсталды

06 ақпан 2017, 18:34

«Ақтөбе-Алматы-Киев» рейсімен ұшқан жолаушының жүгінен ұялы телефон мен сырғаларды ұрлады деген күдікпен «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ жолаушылар тасымалының екі қызметкері ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ көліктегі ІІД сілтеме жасап.

Зардап шеккен жолаушы 2017 жылдың 28 қаңтарында Алматы әуежайындағы Желілік ішкі істер бөліміндегілерге хабарласқан. Оның айтуынша, 2016 жылдың 25 желтоқсанда «Ақтөбе-Алматы-Киев» рейсімен ұшып келгенде, жүгінен жаңа ұялы телефон мен зергерлік бұйымдар — сырғалар жоғалып кеткен. Ер адамның айтуынша, ол заттарының жоғалғанын Киев әуежайында ғана білген.

«Көлік полициясындағылар «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ жолаушылар тасымалының екі қызметкерінің жұмыс орнында алдын ала келісім бойынша ұрлық жасағанын анықтады», — деді көліктегі ІІД өкілдері.

Ұрланған зат тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша («Ұрлық») сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, ұсталған қызметкерлердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде