jasqazaq.kz

ТМД-дағы ең кәрі аю Қазақстанда мекендейді (видео)

06 ақпан 2017, 11:27

Өскемендегі хайуанаттар бағын аң-құстың түр-түрі мекен етеді. Өзге зообақтармен салыстырғанда мұндағы аюлар саны да көп. Өскемендегі хайуанаттар бағына келушілер қатары сиреген емес. baq.kz хабарлағандай, жануарлар да адамдарға әбден үйреніп алған. Олар өздеріне көрсетілген қамқорлыққа алғыспен жауап береді.

«Қаламызда мұндай бақтың бар болғанына қуанамыз. Әсіресе, балаларымызға қатты ұнайды. Мұның тәрбиелік мәні де зор. Жан-жануарды көзбен көріп, қамқор танытуы олардың мейірімді болып өсуіне ықпал етеді», — дейді ата-ана Владимир Царев.

«Маған хайуанаттар бағы өте ұнайды. Әсіресе, аюды жақсы көремін. Өйткені ол үлкен әрі әдемі», — дейді көрермен Валерия Царева.

Багира есімді мына тау арыстанын ресейліктер табыс еткен. Зообақта бүгінде 300-ден аса аң-құс мекендейді.

Көрермен көзайымына айналған бұл қонжықтардың жасы 1,5-да. ТМД зообақтарындағы ең кәрі аю да осында мекен етеді. Ол 18-де. Жалпы мамандар аюға ерекше күтім жасалатынын айтады.

Мына кішкентай сілеусін қалаға адасып келген екен. Пананы балабақшадан іздепті. Алайда мысықтұқымдас жыртқыштың ендігі мекені осы зообақ.

«Өзім екі жігітті алып барып, сол жерде ұстап әкелдік. Өзінің халі нашар болған. Таудан келген ғой. Биыл қал қалың. Даладан тамақ таба алмай адамдарға келген ғой. 2 айдан асты тамағын жеп, қазір көңіл-күйі жақсы», — дейді мал дәрігері Айдархан Төлегенов.

Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің басты міндеті – мұндағы аң-құсты қыстан шығынсыз өткізу. Бұған барлық жағдай жасалған. Мамандар қыс кезінде зообақтағы хайуанаттарды жиі тамақтандыруға тура келетінін айтады. Сол себепті кез-келген көмектен бас тартпаймыз дейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде