jasqazaq.kz

Журналистер зардап шеккен оқушыға сыйлық жасады (видео)

05 ақпан 2017, 17:16

Қарағандылық журналистер Шахан кентінде болған апаттан зардап шеккен 11 жасар Елена Васильеваға сыйлық жасады.

Атап айтсақ, бүлдіршіннің өз қалауы бойынша үлкен экранды теледидар мен планшет және бір жылдық интернет ақысын төлеп берген. Сарыарқалық әріптестеріміз сан алуан ойыншықтар мен керек-жарағын да сатып әперіпті.

Айта кетейік, Шаханда болған қайғылы оқиғадан кейін Елена бір ай ауруханада жатқан. Жамбасы мен бірнеше жерінен сынған аяғына күрделі операция жасалды. Алда тағы бір операция күтіп тұр. Әрі ұзақ уақыт емделуі керек. Қаршадай қыздың басына түскен қиындықты ескерген өңірдегі тілшілер қауымы оған қамқорлық жасауды ұйғарған.

«Мен ауруханада жатқанда мектеп бағдарламасынан кейін қалып қойып едім, қазір ұстаздарым үйге келіп дәріс беріп жатыр. Менің ең сүйікті пәнім Қазақстан тарихы. Қазақстанның қалай пайда болғанын, ежелгі адамдар қалай өмір сүргендері мені өте қызықтырады» — дейді Елена Васильева.

Естеріңізде болса, жаңа жыл күні кешке Қарағанды облысы, Шахан кентінде көпқабатты үй құлап, адамдар қаза болған еді.

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде