
Ресейдің танымал әншісі Тиматидің автокөлігі 10 жылдан астам уақыттан бері Петропавлдың айыппұл тұрағында тұр, деп хабарлайды Baq.kz Еуразия арнасына сілтеме жасап.
Алғашында Тиматидің Audi TT көлігі сұранысқа ие болып, адамдар оны сатып алғысы келген екен. Ұрылар қымбат көлікті әншінің тура есігінің алдынан айдап әкетіпті. Бірнеше жыл ол қолдан қолға өтіп, 2006 жылы Солтүстік Қазақстаннан табылған. Содан бері Audi көлігінің айыбы төленбеген. Ұрылар ұсталып, сотталған. Көлік табылғанымен, осы уақытқа дейін оны алып кетуге ешкім келмеген.
Сондай-ақ, айыппұл тұрағында Владимир Жириновскийдің де көлігі тұрған. Кейіннен ол көлікті Мәскеуге алып кеткен көрінеді.