«Тараз» фильмі сәтті шыққаннан кейін Нұртас Адамбай психологиялық триллер жанрына бет бұрды. Жуырда ол жаңа кинокартинаның түсірілімін бастайды. Ал бұл аралықта «Таразды» кинотеатрдан көріп үлгермеген көрермендер оны сайттан ақылы түрде тамашалай алады.

Stan.kz. хабарлағандай, кинофильмді тамашалау құны – 300 теңге. Алайда осының өзін көрермендер көпсініп отыр. Бұл орайда олар сайттарда тегін көрсетілетін шетелдік фильмдерді мысалға алған.
Нұртас Адамбай 300 теңгені көпсінген жандарға өз жауабын берді.
«Тараз» фильмін онлайн көру үшін 300 теңгені көпсініп отырған адамдар, азық-түлік дүкеніне барғанда неге оны ақшаға алып жатқандарыңызға шағымданбайсыздар? Жағармай құю бекеттерінде бензин үшін де ақы төлейсіздер. Тіпті, дәріханадан дәрі алу үшін ақша бересіздер. Сіздер расымен де бір адамның сіз үшін бірнәрсені тегін жасап бергенін қалайсыздар ма?» – дейді ашуланған Нұртас Адамбай.