
2016 жылы соттар жемқорлық қылмыстар бойынша 3 млрд-қа жуық теңгеге айыппұл салған. Сот шығарған үкімнің 84%-ы толығымен орындалған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғарғы Соты Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин мәлім етті.
«Жемқорлық қылмыстары бойынша соттар 3 млрд-қа жуық теңгеге айыппұл салды. Сот шығарған үкімнің 84%-ы толығымен орындалды. Айыбы дәлелденген азаматтар бұл қаржыны төледі. Қалған істер орындалу үстінде. Жалпы 2016 жылы соттарға барлығы 51 234 қылмыстық іс келіп түсті», — деді ол.