jasqazaq.kz

Қытай құрамасындағы қазақ жігітінің Универсиада жүлдесінен үміті бар

01 ақпан 2017, 17:17

Конькимен жүгіру спортынан Қытай құрамасының сапында Универсиадаға келген этникалық қазақ — Дәстүр Тұрсынхан жарыс жайлы пікір білдірді.

— Жарыс жолына кеше шықтың. Осыдан кейін қай қашықтықта сайысқа түсесің?

— Кеше 5000 м қашықтықта жарысқа түстік. Қар жауып, мұз айдынын білмегендіктен де жақсы нәтиже көрсете алмадым. Ертең 1500 метрге жарысқа шығамын.

— Жүлде алуға мүмкіндік бар ма?

— Мүмкіндік бар. Ертең, бұйырса, жүлделі боламын деп үміттенемін.

— Қытай құрамасына қалай іліндің?

— Қытай біріншіліктерінде 1-ші және 2-ші орындар алып жүрмін. Халықаралық ірі жарыстарға әлі қатыса қоймадым. Дегенмен, бір жылдан кейін Қытайдың ұлттық құрамасына кіруге мүмкінідік бар. Осы спортпен айналысатын басқа да қазақ жігіттері бар. Қытай құрамасына мен ғана алындым.

— Қазақстанға келгенде қандай әсерде болдың?

— Қазақстанға келгенде жақсы әсер алдым. Көңіл-күй өте керемет. Тарихи отаныма бірінші рет келуім. Осы елде алтын алсам — арманым жоқ.

caravan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде