jasqazaq.kz

Атақты актер Джонни Депп алаяқ па?

01 ақпан 2017, 11:35

Management Group компаниясы Джонни Депке келісімшартты бұзды, алаяқтық жасады және қаражатты ысырап етті деп айыптап, сотқа берді. Бұл туралы  РИА Новости америкалық БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарлайды.

Лос-Анджелестің сотына түскен шағымда компания басшылары Депптің өзімшіл, немқұрайды және өз істеріне жауап бермейтін адам екенін айтады. Компаниядағылардың айтуынша, ол айына екі миллион доллар жаратқан. Сотқа берушілер өз кезегінде 560 мың доллар өтемақы талап етіп отыр.

Құжатқа сәйкес, Депп 14 үй мен Багамда бірнеше арал сатып алу үшін 75 миллион доллардан аса қаражат жұмсаған. Сондай-ақ қайық алуға 18 миллион доллар жұмсаған. Онымен қоса, зергерлік бұйымдар мен гитараларға бірнеше миллион жұмсаған екен.

Сонымен қатар құжаттағы мәліметтерге қарағанда, актер ай сайын шарапқа 30 мың доллар жұмсап, 40 қызметкерді жұмысқа алған. Олардың әрқайсысына ай сайын 300 мың доллар жалақы берген. Ал күзетшісіне ай сайын 150 мың доллар төлеген.

Айта кетейік, 13 қаңтарда Джонни Депп Management Group компаниясының өкілдеріне қарсы шағым түсірді. Ол менеджерлерге уақытылы салық төлемегені үшін айыптап, өтемақы ретінде 40 миллион доллар талап етті. Бірақ менеджерлер актердің шағымын «негізсіз» деп атады.

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде