jasqazaq.kz

Инстаграмда жылдам көлігімен мақтанған шенді жазаланды (видео)

31 қантар 2017, 11:48

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында әлеуметтік желілерде жылдам көлігімен мақтанған қызметкерге қатысты қызметтік тергеу жұмыстары аяқталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, 26 қаңтарда бұқаралық ақпараттық құралдарда көлік жылдамдығын асырған прокуратура қызметкері жайлы хабарланған болатын.

«Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетовтың бұйрығымен қызметтік тексеріс жүргізілді. Ведомство қызметкері жариялаған видеоның 2015 жылы түсірілгені анықталды. Ол бұл видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп, біраз уақыттан кейін өшіріп тастаған. Бірақ белгісіз біреулер жарияланған роликті көшіріп алып, қоғамда шу шығару үшін 2017 жылдың басында әлеуметтік желілерге қайта тарата бастаған. Нәтижесінде ШҚО прокуратура қызметкерінің ісі зерттеліп, оның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстегі нормаларды бұзғаны (жылдамдықты асыру) және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің ар-намыс кодексін бұзғаны анықталды. Осыған байланысты қызметкер жазаланды: оған қызметтік сәйкестігі жоқтығы жайлы ескертіліп, аудандық прокуратурадағы қызметке ауыстырылды», — деді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін прокуратура қызметкерінің Instagram желісінде жылдамдықты асырып келе жатқаны түсірілген видеосы Автомобилистерге жәрдемдесу (ОСА) қоғамының сайтында жарияланған болатын. Айта кетейік, видеода жүргізушінің тасжолда сағатына 220 шақырыммен келе жатқаны көрінеді.

https://www.youtube.com/watch?v=qo-R0mTD_UY&feature=youtu.be

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді