
Алматының Райымбек даңғылында автобустарға арналған жолақ пайда болды. Бұл туралы «Колесаға» сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Қызметкерлер жолға арнайы белгіні 12-ші мамырға қараған түні салуға кіріскен. Барлық қажетті жұмыстар он күні ішінде аяқталады деп күтілуде.
Алматы жолаушылар транспортының басқармасы kolesa.kz сайтына бұл жайтқа байланысты түсініктеме берді. Құзырлы мекеменің айтуынша, Райымбек даңғылындағы автобус жолағы бүгінде іске қосылған. Алайда тек «Саяхат» маңынан Наурызбай батыр көшесіне дейін ғана.
Автобус жолағы «Алтын орда» базарына дейін жалғасатын болады. Раймыбек даңғылында жолақ салынып бола салысымен, жұмыскерлер Төле би көшесіне де салуға кіріседі.
Одан кейінгі кезекте Желтоқсан, Наурызбай батыр, Тимирязев, Гоголь, Абылай хан және Сейфуллин көшесі тұр.