jasqazaq.kz

Ақтөбеде жарылыс болған зауыттан екі адам қаза тапты

11 мамыр 2016, 19:26

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында №4 балқыту цехының №41 пешінде жарылыс болып, екі жұмысшы қаза тапты. Бүгін «ТНК «Казхром» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 8 мамырда орын алған. «Қазхром» баспасөз қызметінің басшысы Инесса Панкеева «МФ Универсал» ЖШС Қарағанды мердігерлік ұйымының қызметкерлері» ТМТ-машина гидрожүйесін керосинмен жуып жатқан, сол уақытта әзірге анықталмаған себептен  жарылыс болып, жабдық өртке оранған.   Оқиға салдарынан «МФ Универсал» ЖШС-ның екі жұмыскері ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды».

Жазатайым оқиғаның себептері тергелуде. Сондай-ақ қаза тапқандар 1990 және 1988 жылы туылған. Ақтөбе ТЖД-де хабарлағандай, тілсіз жау бірден ауыздықталды. Оқиға орнына жеке құрамнан 33 адам, 9 автомашина жетті.

Зауытта өндірістік үдеріс тоқтатылмайды. Цехта қазір еңбек инспекциясынан комиссия жұмыс істеп жатыр. Ол жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесі сақталды ма, жоқ па, соны анықтайды. «ТНК Қазхром» АҚ басшылығы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде