jasqazaq.kz

Ербол Азанбек: Эфирді асүйде айтатын өсекке толтырып алдық

20 қантар 2017, 23:26

Байға тиген Баян, дизайнерді «шошқа» деген Меруерт, оны сотқа берген Жадо туралы жаңалық қазаққа не береді? Осындағы жазбаларды оқысам бәріміз қазақты ойлаймыз. Өссек дейміз, өнсек дейміз. Кредиттен құтылса дейміз. Үйлі болса дейміз. Бірақ, эфирімізді асүйде айтатын өсекке толтырып тастағанбыз. Оқырманға пайдалы дүние аз. Кейде мемлекеттік жобалардың насихаты кем дейміз. Түсіндіре алмайды екен. Бірақ біз сол туралы ақпарат іздеп, тауып, жинап, өңдеп ақысыз, пұлсыз насихаттауға, елге түсіндіруге дайынбыз ба? Кейде қаржы, банк өнімдері туралы ел білмейді дейміз. Соны сұратып, түсініп, оқырманға түсіндіріп жүргендер бар ма? Ақпарат сұратуға, тарату құқығы журналистерде ғана бар ғой. Билік айтпаса, банк айтпаса сұрап, біліп, зерттеп елге неге бермеске? Қашанғы қазақтың басына Баяндарды тыға береміз? Салалық болса бір жөн. Сайт, телеарна, газеттер жаппай шоуқұмар болып бара жатыр.

Ербол Азанбектің facebook парақшасынан

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді