jasqazaq.kz

Кәсіпкерге сиқыр көрсетемін деп сотталып кетті

20 қантар 2017, 21:16

Кәсіпкерге сиқыр көрсетемін деп сотталып кетті! Шымкентте алаяқтық жолмен бизнесмендерден ақша жасамақ болған Нигерияның 2 азаматына бүгін сот үкім оқыды. Қара құрлықтан келген жігіттері енді 3 жыл 9 ай бойы Қазақстан түрмесінде отыратын болды.

ktk.kz хабарлағандай,  бұл – нигериялықтардың жалдамалы пәтерде ұсталған сәті. Шымкентке келіп, ел экономикасына үлкен ақша құямыз деген желеумен кәсіпкер іздеген екеу көп ұзамай жергілікті іскермен танысқан. 16 мың доллар әкелсең сиқыр мен химияның көмегімен қара қағаздан АҚШ ақшасын жасаймыз деп сендірген олар кәсіпкерді тіпті пәтеріне де әкелген. Қара қағазға сұйықтық құйып, оны мұздатқышқа салып, кәсіпкер көзін тайдырған сәтте қағазды ақшаға ауыстырып отырған. Әуелде сеніп қалған бизнесмен, ауызбастырық ақшаны да әкелмекші болған екен. Кейін ғаламтор арқылы африкалықтардың арасында мұндай алаяқтықтың кеңінен тарағанын оқыпты. Ұсталған екі азаматтың ісі 5 ай тергелді. Алғашында оларға 5 жыл жаза кескен судья, рақымшылық заңы бойынша жазасын 3 жыл 9 айға дейін жеңілдетті.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді