jasqazaq.kz

Голливуд жұлдыздары Трампқа қарсы митинг өткізді

20 қантар 2017, 9:39

АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне бір күн қалғанда Голливуд актерлері Роберто Де Ниро, Марк Руффало мен Алекса Болдуин, режиссер Майкл Мур, әнші Шер мен қала мэрі Билл Де Блазио Нью-Йоркте президентке қарсы наразылық шарасын ұйымдастырды.

tengrinews.kz хабарлағандай, басылымның мәліметінше, бұл шара Trump Tower ғимаратының маңында болған, оған мыңдаған адам келген. Наразылық шарасын ұйымдастырушылар «Билік кімде? — Билік бізде!» деп дауласқан. Ал Голливуд жұлдыздарынан алғаш болып қарсылық білдірген Де Ниро Трамптың «осы елге және қалаға жаман үлгі» екенін айтты.

Кейінірек алаңға Де Блазио шығып, сайланған президент туралы не ойлатынын айтып берді. Де Блазио Трамп Вашингтонды басқаратын болса да, америкалықтарды өз тағдырын өзі шешуге шақырды. «Бүгінгі кеш болашағымызды өзіміздің шеше алатынымыздың көрінісі», — деді актер.

Актер Алек Болдуин болса, тағайындалған президентті мазақ етіп, күлкіге айналдырды.

Айта кетейік, осыған дейін CNN журналистері Трампқа 20 қаңтарда шабуыл жасалса, жағдай тіпті ушығады деген болжам жасаған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде