
Ақтау қалалық сотында көлік аптынан, денсаулығына зақым келген жәбірленушінің шағымы қаралды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Айыпталушы бұған дейін Қарақия аудандық сотының шешімімен кінәлі деп танылған. Сот оны бір жыл бас бостандығынан айырып, екі жыл мерзімге жүргізу куәлігінен айыру шешімін шығарған. Ал жәбірленуші соттан 2 млн теңге моральдық шығын мен 94 мың теңге материалдық шығынды өтеп беруін өтінген. Алайда әйелдің кәмелетке толмаған үш баласы бары ескеріліп, айыппұл 5 есеге азайтылды. Енді айыпталушы 430 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.