jasqazaq.kz

«Алашұлы» тобы: Этностильді түрлендіргіміз келеді

04 қантар 2017, 15:21
«Алашұлы» – қазақ эстрадасындағы этностиль мен заманауи үлгінің үйлесімін ұсынып жүрген жас жігіттердің тобы.

 «А+1» продюсерлік орталығының құрамындағы топтың продюсері – танымал актриса Назгүл Қарабалина. Махамбеттің «Мен, мен едім, мен едім» толғауы, Ақтанның термесін мақамына салып орындап, «Тұраным», «Батырлар ұраны», «Угәй» сынды ұлттық нақыштағы әндерімен тыңдарманның ықыласына бөленіп жүрген жас топтың ендігі мақсаты – этностильді түрлендіру екен. Алашұлының ендігі миссиясын толығырақ түсіну мақсатында топтың жігіттерімен сұхбаттасқан едік.

 Этностильде бірқатар ән­ айтып жүрсіздер. Жалпы бағытты өзгерту жоспарда бар ма?
Әзімбек: Бағытты өзгерту жос­пар­да жоқ және болмайды да. «Эт­но­ның» өзі бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, этно-рок, этно-поп, этно-джаз және тағысын тағылар. Алдағы уақытта осы бағыттарда ән жазуға тәуекел етіп, бағымызды сынап көруіміз ғажап емес. Алайда ұлттық стильден түбегейлі бас тартуымыз мүмкін емес.
Демек алдағы уақытта «Алашұлы» джаз жанрында ән айтса таң қалмаймыз ғой?
Мақсат: Әрине, бұл жанрда ән айтып қалуымыз бек мүмкін. Тың­дарманды жалықтырып алмас үшін ұлттық бағытымызды қолымыздан келгенше түрлендіруге тырысамыз. Кез келген музыкалық жанр мен ұлттық аспаптарымыздың сапалы үйлескенін қалаймыз. Осы бағытта ізденіп те жүрміз. Бірақ этностильді түрлендіру үшін жоғары талғам мен музыкалық сауаттылық қажет. Сол себепті, асығыстық танытпай­мыз. Өзімізді үнемі жетілдіріп отыру арқылы бұл жанрлардың да дәмін татып көрерміз.
 Топтың келісімшарты қан­ша уақыт? Бөлініп кетіп жат­саңыздар, кім немен айналысар еді?
Мақсат: Назгүл әпкемізбен 5 жыл­дық келісімшартқа отырған­быз. Бір жылдан кейін құжат жү­зін­де жұмыс тоқтайды. Келісім уа­қыты аяқталған соң топ өз жұ­мы­сын жалғастыра береді. «Алаш­ұлы» академия қабырғасында жү­ріп құрылды да, продюсерге дайын жоба ретінде ұсынылды. Бөлініп кету жөнінде ойланып көрмедік. Се­бебі, біз – бірінші кезекте бауыр­­­мыз.
 Киім үлгілерін кім таң­дайды?
Мақсат: Негізгі идеясын әннің сипаты мен өзіміздің сұлбамызды есеп­ке ала отырып өзіміз ойлас­ты­рамыз. Әйтсе де, дизайнер маман­дар­дың көмегіне жүгінетініміз жа­сырын емес. Бір-екі күнде дайын­дала салатын дүние емес. Сах­налық образдарды жан-жақты ой­ластырып, өзара ақылдасып, «же­ті рет өлшеп, бір рет кесіп», ди­зайнер маманның шеберлігіне тап­сырамыз.
 Ал сахналық билеріңізді кім қояды?
Әзімбек: Биді Әділет Таменов есім­ді досымыздың талғамы мен шеберлігіне сеніп тапсырғанбыз. Әр әнімізге ерекше дайындықпен ке­леді. Қазіргі уақытта осы азамат­пен жұмыс істеп келеміз.
 Қазақтың ұлттық ас­пап­тарын үнемі алып жүресіздер ме?
Ұшқын: Студияда ұлттық ас­пап­тардың бірнеше түрі бар. Кө­бі­не, шертпе аспаптар. Әннің аран­жи­ровкасын жасаған кезде де бір­қатар аспаптар қолданылады. Мә­селен, үш ішекті домбыра, при­ма-шертер, шіңкілдек және тағы бас­қалары. Бірақ бұл аспаптардың барлығын сахнаға алып шыға бермейміз. Өздеріңіз білетіндей, бей­небаяндарда, сахнада көбіне дом­быра, шаңқобыз бен дауылпаз­ды алып жүреміз. Алдағы уақытта туындайтын әннің сипатына қарай реті келіп жатса басқа да ұлттық аспаптарды бейнебаянға түсіріп, сахнаға алып шығуымыз мүмкін.
Патриотсыздар ма? Бұл ұғымды қалай түсіндірер едіңіздер?
Ұшқын: Патриоттық деген тек өнер­де болмайтыны хақ. Пат­риот­тық бағытта ән жазып, бейнебаян түсірмейтін орындаушылардың өзі жүрек түкпірінде ұлтжанды азамат болуы бек мүмкін. Мәселен, өз ба­сым «Алашұлы» тобына арнап «Тұ­раным» сынды патриоттық ән­дер жазсам, ендігі бір орын­дау­шы­лар­ға «сезім», «махаббат» сынды бас­қа бағыттағы әндер дайындап беруім мүмкін. Болмаса, күндердің бір күнінде басыма кепка киіп, рэп орын­дауым да ғажап емес. Сонда тыңдарман «мына бала кезінде патриоттық әндер орындаушы еді, қа­зір рэп оқып кетіпті ғой. Со­н­да­ғысы жалған патриоттық болғаны ма?» деп жатса, ол қате пікір бол­мақ. Себебі, «Алашұлындағы» об­ра­зым – ұлтжандылығымның бей­несі емес. Бұл ұғымның мәні тым терең.
 Дейтұрғанмен, тыңдар­ман көбіне ұлттық нақыштағы, яки пат­риоттық ән орындаушыларын ұлт­жанды деп есептеп жататыны бар ғой…
Мақсат: Бүгінде патриоттық ән­шілердің өзі екіге бөлінеді. Бірі ра­сында, патриоттық әндер жазып, оны шын ынтасымен орындаса, енді біреуі репертуарда бір пат­риот­тық ән болғаны дұрыс деп жа­за салады. Сондықтан орындау­шы­ның әніне қарап, оның ұлтжан­ды екеніне баға бере салуымыз қа­те.
Әзімбек: Расында, «биыл Тәуел­­сіз­дігімізге – 25 жыл, осыған орай бір­қатар концерттік шаралар ұйым­­­дастырылатыны анық. Сол себепті, еліміз, егемендігіміз тура­лы ән жаздыру керек» деп ре­пер­туа­рын патриоттық әндермен то­лықтырып жатқандар бар.
 Нарықтың талабы сол емес пе?
Мақсат: Әрине, бұл құбылыс дұрыс та шығар. Бәзбіреудің сыр­тынан тон пішіп, ғайбат айтудан аулақпыз. Десек те, ұлтжандылық деген әншінің репертуарындағы әндердің бағытына байланысты бағаланбауы тиіс дегіміз келеді.
 Демек, сіздер нарық үшін ән жазбайсыздар ғой?
Мақсат: Кез келген топтың өзін­дік тағдыры болады емес пе? Бірде толассыз құрметке бөленіп жатса, енді бір сәттерде құлдырай­тыны тағы бар. Осындай кезеңде қайта жанданудың жолын іздейсің, ізденесің. Елдегі өзекті мәселелерді зерт­тей бастайсың, қоғамдағы проб­лемаларды көтеруге, елеулі оқи­­ғаларға өз тарапыңнан қандай да бір пікір айтуға ұмтыласың. Мұн­дай ізденістен туындаған ән­де­­ріміздің астарында патриоттық сезім болғанымен, біз де әннің өтім­ді болуы үшін қоғамдағы өзек­ті мәселелерге сүйеніп жатамыз. Яғни, нарықтың сұранысын қана­ғаттандыру мақсатында той­шыл әуендерге әуестенбегенімізбен, бә­рі­бір туындының өтімділігіне мән береміз. Айырмашылығы – бұл қадамға басқа қырынан келеміз де, «нарық» ұғымына деген көз­қа­ра­самыз өзгеше қалыптасады.
«Алашұлының» бағыты тек патриоттық әндер емес пе?
Мақсат: Ол рас. 100 пайыз пат­риот­тық әндер орындап келеміз деп айтуға толық негіз бар. Айтары бар, мағынасы терең сапалы пат­риоттық әндер ұсыну үшін ең­бек­теніп келеміз. Мәселен, «Ару қыз­­дар» деп аталатын әніміз қыз­дар­ға арналғанымен, онда қазақ қыз­дарының рухы, тәлімі мен тәр­биесі туралы сөз қозғалады. Ән­деріміздің бірқатарында «Қа­зақ­стан», «елім», «туған жерім» дей­тін сөздер қолданылмағанымен, басым бөлігінде көшпелі қазақ хал­қының тағдыры мен тарихы, қа­зақ батырларының ерлігі, қос бұрымдылардың бейнесі сипатта­лады. Қай тақырыпта ән жазсақ та астарына, ұғымына терең мән бе­реміз.
 Шоу, яки той бизнесте мұн­дай әндерге сұраныс бар ма?
Әзімбек: Сұраныс жоқ емес. Әрине, көбіне концерттік бағдар­ла­маларға, түрлі шараларға шақыр­тып жатады. Бірақ тойдан да құра­лақан қалып жатқан жоқпыз. Көп­шілік, тойға тек билейтін ән­дер­дің орындаушылары шақыры­лады да, мұндай әндердің мән-ма­ғынасы бола бермейді деп есеп­тей­ді. Бұл – қате пікір. Мәселен, біз­дің репертуарда «Бізде бәрі қазақ­ша» дейтін әніміз бар. «Әр қазақ адал досым», «Біріміз-бірімізге өз ана тілімізде амандасайық» деп бас­талатын әннің әуені биге әбден икем­делген. Тойға шақырту алған­да осы тектес әндерімізді орындап жатамыз.
 Жалпы, әндеріңіздің бағытына баға беріп, сипатын сынап отыратын кеңесшілеріңіз бар ма?
Әзімбек: Әнді де, әуенді де өзі­міз таңдаймыз, алдымен өз ара­мыз­да шешіп аламыз. Кейін бір туын­дыны жазып, әрлеп болғаннан кейін өнердегі жақын достары­мыз­ға тыңдатып, пікірлерін біліп оты­ра­мыз. Алайда арнайы кеңесшінің кө­мегіне жүгінген емеспіз.
 Топқа жұмсалған қара­жат ақтала ма?
Мақсат: Белгілі бір деңгейде шы­ғармашылық жұмыстарға са­лын­ған қаражат өзін-өзі ақтайды. Алайда, керемет табыс тауып отыр­мыз деп айта алмаймыз. Бар­лығы уақыт еншісінде.
 Қайырымдылықпен ай­налысасыздар ма?
Мақсат: Халық түгілі, «оң қо­лың жасаған жақсылығыңды сол қо­лың білмесін» делінеді хадисте. Сол себепті, бұл сұрақтың жауабы құ­пия қалсын.
 Отандық эстрадада сіз­дерге балама бар ма?
Мақсат: Нақ «Алашұлының» сти­лінде «Семсер» дейтін топ шы­ғып жүр. Өздері де бұл туралы ай­тып жүр екен. Демек, балама бар. Біз­дің оған еш қарсылығымыз жоқ.
Ал бәсекелес ше?
Әзімбек: Бәсекелес топ жоқ деп есептейміз.
 Өзгелерден ерекшелену үшін қандай бағытта ізденесіздер?
Ұшқын: Қазіргі уақытта «Ала­ш­ұлы» – этностильдегі ерекше топ деп ойлаймын. Мәселен, «Ұлытау» – этно-рок жанрындағы топ де­ге­німізбен, олар ән айтпайды. Ал «Тұран» ұлттық инструменталды топ болғанымен, ән салып, би би­ле­мейді және тағысын тағылар. «Алаш­ұлы» – әнді де, биді де, ұлт­тық аспаптарды да үйлестіріп жүр­ген жалғыз топ. Сол үшін де, бү­гінде өзгелерден ерекшеміз деп то­лық айта аламын.
 Сіздердің стильге байла­нысты қандай кітаптарды білесіздер, соңғы оқыған шығармаңыз? 
Мақсат: Джаз, рок-н-рол және тағы басқа эстраданың барлық жанр­ларына арналып жазылған кітаптар әлемде де, елімізде де же­терлік. Өкінішке қарай, нақты эт­ностильде қазақ тіліндегі шығар­малар, ғылыми кітаптар жоқ деуге бо­лады. Ал соңғы оқығаным – Мұх­тар Мағауиннің «Жармақ» шы­ғар­масы.
Ұшқын: Бұл – жақсы идея. Алдағы уақытта біліміміз мен тәжі­ри­беміз жеткен уақытта біз жаза жатармыз.
Танымалсыздар ма?
Мақсат: «Тамақ ішу үшін өмір сүре­сің бе, әлде өмір сүру үшін та­мақ ішесің бе?» дейтін өмірлік бір сауал емес пе? Мұнда да сол сұрақ­тың «Тыңдарманға ойыңды жет­кізу үшін танымал боласың ба, әл­де танымал болу үшін ойыңды жет­кізесің бе?» деп өңін айнал­дыру­ға болатын сияқты. Біздегі мақ­саттың биік шыңы танымал болу емес. Танып та, танымай да жа­та­тын сәттер болады. Тың­дар­манға көкейдегі ойымызды, қоғам­дағы сан алуан мәселелерге деген көз­қарасымызды паш ету, я бол­маса, жастардың  жүрек түкпіріне пат­риоттық сезім ұялату, ұлттық ру­хын ояту, осындай өмірлік мис­сияларға титтей де болса үлесімізді қосу үшін танымал болғымыз ке­леді.
Ендігі жоспар қандай?
Мақсат: Жуырда «Алашұлы» ат­ты тұңғыш альбомның тұсауын ке­семіз. Бұдан бөлек, Павлодар об­лысына жоспарлап отырған гастрольдік әнсапарымыз бар.
Әзімбек: Жоспар жетерлік, идея көп. Ерболат Құдайберген мен Олжас Абай есімді бауыры­мыз­бен дуэт жазып жатырмыз.
Ұшқын: Он шақты жаңа ән жаз­дық. Солардың біріне бейнебаян түсіруді де жоспарлап отырмыз.

aikyn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде