jasqazaq.kz

Стамбулда терактіні ұйымдастырған күдіктінің суреті жарияланды

03 қантар 2017, 3:05

Түркияның мемлекеттік Anadolu ақпарат агенттігі Стамбулдың орталығындағы Ортакей ауданында орналасқан Reina түнгі клубындағы терактіні орындаушының суретін жариялады.

Стамбулдың Reina түнгі клубына қарулы шабуыл Жаңа жыл түнінде жасалды. Автоматпен қаруланған терроршы клубты күзетіп отырған күзетшіні атып, 700 адам болған ғимаратқа кіріп, ондағы адамдарға оқ жаудырған. Түркия ІІМ-нің мәліметтерінше, 39 адам құрбан болып, 69 адам жараланған. Шабуылдаушыны іздестіру шаралары жалғасуда. Рейтер агенттігінің мәліметтері бойынша, аталған терактіні «Ислам мемлекеті» ұйымы мойнына алды. Қазіргі таңда террористік кім екенін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. БАҚ мәліметтеріне қарағанда, шабуылдаушы не Өзбекстан, не Қырғызстан азаматы болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері түнгі клуб аймағындағы бейнекамерадағы көріністерді зерделеді. Онда терроршының бет-әлпеті айқын көрінген. Стамбулдың Бас прокуратурасының Ұйымдасқан қылмыспен және терроризммен күрес департаментінің өкілдері аталған факті бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде