jasqazaq.kz

Жақ-жақ төбелес өліммен аяқталды

26 желтоқсан 2016, 13:45

ШҚО Бесқарағай ауданында 19 жастағы жігіт өзінің араздасып жүрген құрдасын пышақтап өлтірген. Қанішер тәртіп сақшыларының қолына өз еркімен берілді, деп хабарлайды YK-news.kz.
Оқиға былай болған. Бірнеше жігіт азық-түлік дүкенінің алдында сөйлесіп тұрады. Сол кезде олардың қасына бір көлік тоқтап, ішінен Қара Мырза ауылының жігіттері түседі. Бір топтың құрамында 19 жастағы Т. болса, екіншісінің құрамында оның З. есіді құрдасы болады. Бұл екі жігітің арасындат бұрыннан келе жатқан алауыздық бар екен. Т.-ның кейіннен, сотта айтуынша, З. қарсыласын “бір-ақ ұрып, жалпасынан түсіремін” деген. Бар бәле осы сөзден басталған көрінеді. Жігіттер дүкеннің артына барып, төбелеседі. Қасындағылар оларды айырады. тіпті екеуі қайтадан татуласқандай да болады. Алайда, бірнеше минуттан кейін, жанжал қайта басталады да, оның аяғы қайғылы оқиғаға ұласады. Т. қолына пышақ алып, қарсыласының ішіне алты рет сұғып алады, З. есінен танып, құлайды.
Достары жаралы З.-ны көлікке салып, ауруханаға алып кетеді, бірақ ол жолда көз жұмады. Т. болса, өзін тәртіп сақшыларының іздеп жатқанын естіп, полицияға қоңырау шалады да, өз еркімен беріледі.
Сот жас жігітті сегіз жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге кесті. Сөйтіп, жай ғана алауыздықтың аяғы бір жігіттің өмірден өтуіне, екіншісінің абақтыға түсуіне жеткізді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде