jasqazaq.kz

Зорландым деп зар жылағанға сенбе

23 желтоқсан 2016, 17:20

Өскемен тұрғыны жалған мәлімет бергені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сөйтсек, қыз өзінің таныстарымен ұрысып қалып, өш алу мақсатында олардан зорланғанын айтып, арыз жазған, ал өтірігі анықталғанда, қыз бала сот алдында жауап берді.

Tengrinews.kz хабарлағандай, Қылмыстық істің материалдары бойынша, Ұлан аудандық сотында қарастырылған істе ШҚО тұрғыны Қасым Қайсенов ауылындағы жалдамалы пәтерде төрт жігітпен көңіл көтерген. Олар бірге ішімдік ішкен. 21 жастағы қыз бір жігітпен жыныстық қатынасқа түспек болған. Осы кезде бір танысы екеуінің әрекетін видеоға түсірген. Оның жігіті досының бұл әрекетіне қарсы болмаған, ал қыз болса намыстанып жігіттерде үйден қуып шыққан.

Қатты өшіккен қыз ертесіне барып төрт жігіттің өзін зорлағанын айтып, полицияға арыз жазған. Жігіттер қамауға алынған. Осыдан кейін, сараптамалар мен сұрау алу қорытындысы бойынша қыздың өтірігі шыға бастаған. Сол себепті қыз өзі жалған мәлімет бергені үшін айыпталушыға айналған. Істің қорытындысында қыз өзінің жалған мәлімет бергенін мойындаған.

Ұлан аудандық соты 21 жастағы қызды үш жыл бас бостандығынан айырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде