jasqazaq.kz

Өзгенің жерін сатпақ болған

23 желтоқсан 2016, 13:21

Алматының Түрксіб ауданында бөтен адамдардың жер учаскелерін сатты деген күдікпен ер адам ұсталды, — деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz хабарлағандай, Таяуда полицейлер жылжымайтын мүлік саудасы бойынша заңсыз келісімшарттар жасаған 39 жастағы азаматты ұстады. Ол Түрксіб ауданындағы Қайрат ауылында өзіне тиесілі емес жер учаскелерін сатқан.

«Күдіктінің айтуынша, 12 және 8 сотық екі жер учаскесінің оның әкесінің иелігінде болған. Ол ескі құжаттарды тауып алып, оларды сатпақ болған, сатып алушыларға басқа жерлерді көрсеткен. Ал шын мәнінде ол айтып отырған жер телімдері оның иелігінде емес, бұл туралы күдікті білмеуі мүмкін емес. Өзіне сенген сатып алушыларға ол күші жойылған құжаттармен басқа жер телімдерін көрсеткен. Осылайша ол алдау арқылы жер телімдерін «сатқан», — деді Түрксіб аудандық ІІБ басшысы Жасұлан Тұрысбаев.

Кейін күдікті ақшаны алып, қайта рәсімдеу мәселесінде уақыты жоқтығын айтып, созып жүріп алған. Тұрысбаевтың айтуынша, ол уақытты қасақана созған. Өз кезегінде азаматтар жер телімдері туралы мәліметтің рас-өтірігін тексермей, аса ірі көлемде ақша беріп қойған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін мойындап, шығынды өтеуге уәде беріп отыр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелген. Полиция қазіргі уақытта шығынның жалпы көлемін анықтап жатыр. Сондай-ақ, күдіктің жеке басын тексеру барысында оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады. Осыған байланысты полицейлер осы адамнан зардап шеккендерді 298-54-00 және 298-54-01 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде