jasqazaq.kz

Петропавлдағы мұз айдыны ғимаратының төбесі опырылды

20 желтоқсан 2016, 22:24

Петропавлда хоккей ойнайтын жабық мұз айдынының төбесі опырылып түсті.

Зардап шеккендер жоқ. Нысанды ашуы тиіс адам аздап кешіккендіктен, оған балалар кіріп үлгермепті.

Ғимарат төбесінің қирап түскен кезі бақылау камераларының біріне түсіп қалған. Апат себебі анықталғанша, шенеуніктер шаһардағы дәл осындай екінші нысанның да жұмысын уақытша тоқтатты. Осыдан 2 жыл бұрын салынған мұз айдынының құрылысына 15 миллион теңге жұмсалыпты. Мұндай ғимарат салуға құқығы бар жалғыз мердігер еліміз бойынша осындай 15 корт тұрғызған екен. Қазір апат себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр. Атқамінерлер мердігер фирманың өкілдерін шаһарға шақыртқан. Олар нысанды толығымен бұзуы не қайта жөндеуі мүмкін.

Валерий Евдокименко, Петропавл қалалық спорт бөлімінің басшысы:

-Айдынды мамандар тазалап, балалардың келуіне дайындап  қойған. Мұнда жалға коньки де берілетін. Жұрт кез-келген уақытта келіп тегін сырғанайтын болған. Қазір апат себебі анықталғанша, екінші корттың да жұмысын уақытша тоқтатық. 

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде