jasqazaq.kz

Астанада маңызды саяси құжаттар көрмеге қойылды

19 желтоқсан 2016, 19:55

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жылдарындағы 25 игі іс» көрмесі ашылды.  Экспозицияны Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты мен Астананың Мемлекеттік мұрағаты бірлесіп дайындады. Көрме аясында Тәуелсіздік жылдары экономика мен қоғамға елеулі өзгерістер әкелген, халықтың әл-ауқатын жақсартқан мемлекеттің 25 негізгі салалық бағдарламалары жайлы ақпарат келтірілген. Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының хабарлауынша, көрме 200-ден астам материалды қамтиды. Олардың басым бөлігін 1991 жылғы 10 желтоқсандағы Н.Ә. Назарбаевтың Президент қызметіне кірісуіне арналған ҚР Жоғарғы Кеңесі салтанатты отырысының стенограммасы, 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңы, 1991 жылы 21 желтоқсанда бекітілген ТМД құрылуы туралы Алматы декларациясы, 1996 жылы 16 мамырда тізілген ҚР дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан мемлекеттер тізімі, «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлық және өзге де маңызды саяси құжаттар құрайды. Сонымен бірге, келушілер назарына Семей полигонындағы алғашқы ядролық сынақ, Қазақстанға тұңғыш оралмандардың келуі сынды сирек фотосуреттер, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы инфографикалар ұсынылды. Астана Мемлекеттік мұрағатындағы (Әуезов көшесі, 3) көрме желтоқсан айының аяғына дейін жалғасады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде