jasqazaq.kz

Астана Сирия мәселесі бойынша келіссөз алаңына айналуы мүмкін

16 желтоқсан 2016, 16:47

Ресей мен Түркия Сирия үкіметімен арадағы келіссөздер жүргізудің жаңа алаңы ретінде Астананы ұсынбақшы. Бұл туралы бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэмен бірге өткен баспасөз конференциясында мәлімдеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі. «Алдыңғы күні Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, қақтығысушы тараптарға мынадай ұсыныс жасаймыз деп келістік: біз өз тарапымыздан Сирияға, Түркия президентіне — қарулы оппозиция өкілдеріне — Қазақстан елордасы Астана қаласын бейбіт келіссөздер алаңы ретінде ұсынамыз», — деді ол.  Оның айтуынша, егер қақтығысушы тараптар осы ұсынысымызды қабыл алса, Ресей мен Түркия Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан осы жүйені қабыл алуын өтінеді. «Егер осы ойымыз жүзеге асса, бұл Женевадағы алаң сияқты болмайды. Алайда, женевалық келіссөздерді толықтырады», — деп атап өтті В.Путин.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде