jasqazaq.kz

Мәскеуде екі бірдей бала жоғары қабаттан құлап кетті

15 желтоқсан 2016, 3:21

Мәскеудің шығысындағы Новокосинск көшесінің бойындағы үйлердің жоғарғы қабатынан 6 жасар бүлдіршін құлап, арада екі сағат өткен тағы бір жасөспірім құлап кетті, – деп хабарлады Риа Новости.

Осыған дейін 6 жасар балның 16 қабатты тұрғын үйдің балконынан құлап кеткені айтылды. Оны тікұшақпен балалар хирургиясы мен дене жарақаты ғылыми-зерттеу институтына жеткізген. Баланың жағдайы өте мүшкіл деп бағаланып отыр. Тергеу комитеті тексеру жұмыстарын бастады. «Жоғарыдан құлап тірі қалған балаға қатысты оқиға сағат жергілікті уақыт бойынша шамамен 13-30-дар шамасында болған. Ал арада тұп-тура екі сағат өткен соң, яғни 15.30-дар шамасында осы көшенің бойындағы басқа үйдің жоғарғы қабатынан 8-ші сыныптың оқушысы құлады кетті»,  – деді агенттікке хабарды жеткізген адам. Оның сөзінше, жасөспірім жерге құлаған мезетте мерт болған. Оқиғаның өзіне қол салу әрекеті ме, әлде оның басқа да себептері бар-жоғын дереккөз айтпады. Ішкі істер министрлігінің Мәскеудегі өкілдігінің қызметкерлері Новокосинск көшесінде жасөспірімнің денесі табылғандығын растады. Алайда оқиға туралы жан-жақты ақпарат бермеді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде