jasqazaq.kz

Қашағанның келер жылғы шапағаты-135 млн$

14 желтоқсан 2016, 17:49

Келер жылы «Қашаған» кен орны ел бюджетіне 135 миллион доллар кіріс әкелуі тиіс. Мұнай бағасы 50 доллардан төмендемесе, осындай көрсеткішке қол жеткізу көзделіп отыр.

caravan.kz хабарлағандай, энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев брифингте осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, келесі жылы мұнда шамамен 9 миллион тонна мұнай мен 5,6 миллиард текше метр газ өндіріледі. Әзірге бұл өнім толығымен экспортқа жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, «Қашаған» кен орны биыл қыркүйек айында іске қосылды.

14 қазан күні мұнайды экспортқа шығара бастадық. Қазір Қашағанда тәулігіне 120 мың баррель мұнай өндіріледі. Ал болашақта бұл көрсеткішті 180 мыңға дейін жеткізу жоспарда бар. Өткен бірнеше ай ішінде ғана біз 600 мың тоннадан астам мұнай және 400 миллион текше метрге жуық газ өндірдік, дейді ҚР Энергетика министрінің орынбасары.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде