jasqazaq.kz

Ш.Мирзияев Өзбекстанда үлкен өзгеріс болатынын мәлімдеді

13 желтоқсан 2016, 17:39

Өзбекстанның жақында сайланған президенті Шавкат Мирзияев айтқандай, мемлекеттік құрылымда күрделі реформалар жүргізіледі, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі «артық» лауазымдар қысқартылып, міндеттіліктерін өткермегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту енгізілуі мүмкін, –  деп жазады Sputnik Өзбекстан.

«Біз президент аппараты мен министрлер кабинеті аппаратының қызметін жетілдіруге, қабылданатын заңдар, қаулылар мен жарлықтардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлеміз», — деп атап өтті Өзбекстанның жаңа басшысы.

Сайланған президенттің тағы бір мәлімдемесі міндеттерін дұрыс атқармаған шенеуніктерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысы болып табылады.

Мирзияевтің сөзіне жүгінсек, 25 қыркүйек күні ғаламторда премьер-министрдің виртуалды қабылдау бөлмесі ашылды. Осы уақыт аралығында виртуалды қабылдауға 218 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Олардың 59% —ның шешімі табылды, ал 41%-ы әлі қаралуда. Бұл өтініштерді сараптау арқылы азаматтар өмірінде күрделі мәселелер бойынша көп нәрсе белгілі болған екен.

«Санамызда бір сұрақ туындайды: билік органдары мен ведомстволар, тиісті басшылар бұл мәселелерді уақытылы шешпей қайда қарап жүр? Елімізде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы» бөлек заң бар емес пе. Өкінішке қарай, заңның жүзеге асырылуына мән беріп жүрген ешкім жоқ», — деп ойын қорытты Шавкат Мирзияев.

Сол себепті, президенттің пайымдауынша, осы заң талаптарын орындамаған басшылар мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде