jasqazaq.kz

ЭКСПО-2017 көрмесінің билет бағалары белгілі болды

13 желтоқсан 2016, 7:16

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің басталуына тура жарты жыл бұрын іс-шара билеттерін кассаларда сату басталды. Билет кассаларының ашылу салтанаты астаналық «Керуен» СОО-да, «Хан-Шатыр» СОО-да, сондай-ақ «MEGA Park» және «Алматы MEGA Орталығы» СОО-да өтті.

Айта кету керек, көрме билеттерін онлайн сату ағымдағы жылы 10 маусымында, яғни көрмеге дейінгі бір жыл бұрын басталған болатын. Енді билеттерді тек ресми сайттан ғана емес, сондай-ақ кассалардан тікелей сатып алуға болады. Билеттер құны әртүрлі. Айталық, жұмыс күндері белгілі бір нақты күні кіруге арналған билетінің бағасы 4000 теңге, демалыс күні — 6000 теңгені құрайды. Күні белгіленбеген, яғни ашық даталы билет 2000 теңгеге қымбат болады. Студенттер, оқушылар, көп балалы аналар және жеңілдік санатына кіретін басқа да қазақстандықтар ЭКСПО-2017 көрмесіне 50 пайыз жеңілдікпен кіре алады. Ал соғыс ардагерлеріне, алты жасқа дейінгі балаларға, жетім балаларға, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға — билет тегін. Аталған әлеуметтік топтарға арналған жеңілдік шарттары Көрмені өткізу кезеңінде ғана қолданылады. «ЭКСПО-2017» билеттерді сату стратегиясы белгілі бір кезеңдерге негізделген. 10 маусымда онлайн-сату, 10 шілдеде туроператорлар үшін ЭКСПО көрмесіне билеттерді сату, 10 тамызда — реселлерлер үшін, ал 1 қыркүйекте субагенттік желі арқылы билеттерді сату басталды. Қазір билеттерді «Қазпошта» бөлімшелерінен, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Marwin/Меломан дүкен желілерінен және сауда-ойын-сауық орталықтарынан, сондай-ақ, Астана және Алматыдағы көрменің ресми билет кассаларынан алуға болады. 10 наурыздан бастап кассалар елдің барлық 14 өңірінде жұмыс жасай бастайды. Ресми офлайн-сатудың ашылу рәсімі барысында касса келушілеріне арнайы сыйлықтар дайындалды. Алдағы Көрме кассаларының ашылуына Астана мен Алматыда танымал кісілер болды. ЭКСПО-2017 елшілері олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, сондай-ақ белгілі қазақстандық актер мен әншілер келді. Олар билет сатып алып, жанкүйерлеріне қолтаңба таратып, арнайы сұхбат берді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде