jasqazaq.kz

Режеп Тайып Ердуан елімізге келеді

10 желтоқсан 2016, 16:35

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердуан Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 11-12 желтоқсанда Қазақстанға келеді, деп хабарлады Yenio Safak агенттігі. Атап өтілгендей, Түркия басшысының ресми екі күндік сапары аясында Қазақстан Президентімен жүзбе-жүз, сонан соң делегация құрамында кездеседі. ҚазАқпарат хабарлағандай, тараптар екіжақты қатынасты, сондай-ақ діни және халықаралық күн тәртібін талқылайды. Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 3-ші отырысына дайындық мәселесі талқыланады деп күтілуде. Кеңестің бірінші отырысы 2012 жылы Президент Назарбаевтың Түркияға сапары барысында өткен. Түркия 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы ел. Елдер 1992 жылғы наурызда дипломатиялық қатынастар орнатты.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде