
Көлікке байланған арқаннан ұсталынып алған экстремал шаңғышы Алматының орталық көшесінде сырғанады. Осы сәтке куә болған жүргізушілердің бірі оны видеоға түсіріп алған,
ҚазАқпарат хабарлағандай «Бүгінгі алматы» тобында. Кадрда жүйткіп бара жатқан көлік оған байланған шаңғыдағы адамды сүйретіп келе жатқаны анық көрінеді. Бұл ретте көлікке байланған экстремал жанында келе жатқан адамдар мен көліктерге қуана қолын бұлғайды.