
Алматыда қалың қардан Жетісу ауданында орналасқан «Байсат» базарының шатыры опырылып түсті. Бұл ақпараты қалалық ТЖД баспасөз қызметі нақтылады.
ҚазАқпарат хабарлағандай, «Байсат» базарында 720 шаршы метр аумақты құрайтын шатыр бөлігі опырылып түсті. «103» қызметінің мәліметінше, 2 адам медициналық көмекке жүгінген. Олар қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды аталған ведомстводан. Алайда ТЖ пультіне оқиға туралы хабарлама түспеген. Оларға бұл жайлы «103» қызметі азаматтық қорғаныс қызметтері арасындағы ақпарат алмасу келісімі аясында хабарлаған.

https://www.youtube.com/watch?v=xix-e68kP1Y