jasqazaq.kz

Медициналық сақтандыруы жоқ жерлесіміз АҚШ-та көз жұмды

18 қараша 2016, 22:11

zhigit

АҚШ-та көз жұмған отандасымыз дер кезінде ауруханаға жеткізілмеген. Себебі, 26 жастағы Еркін Балғымбаевтың медициналық сақтандыруы болмапты деп хабарлайды ktk.kz. Сондықтан есінен танып құлап қалғанда ғана Хьюстондағы емханалардың біріне жеткізілген. Бірақ жерлесіміз сол бойы ес жимастан жан тапсырған.

26 жастағы жігіттің АҚШ-қа білім қуып барғаны белгілі болды. Хьюстондағы оқу орындарының бірінде оқитын Еркін Балғымбаев 15 қараша күні көз жұмған. Марқұмның артында екі баласы мен әйелі қалды. Қазір еліміздің сыртқы істер министрлігі оның денесін елге әкелуге күш салып жатыр.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Қазіргі таңда қайтыс болу себептері анықталуда. Біздің АҚШ-тағы елшілік туыстарына тиісті көмек көрсетуде. Тиісті құжаттар жиналуда. Денесін Қазақстанға жеткізу бойынша тиісті мәселелер пысықталуда

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде