
Лионель Месси Forbes журналының нұсқасы бойынша, 30-дан аспаған әлемдегі ең бай спортшы атанды. 29 жастағы Месси жылына 81,5 млн доллар табыс табады екен.
Екінші орынды сербиялық теннисші Новак Джокович пен НБА баскетбол клубының ойыншысы Кевин Дюрэнт еншіледі. Олардың ортақ табысы жылына 56 млн долларды құрады. Үздік ондыққа сондай-ақ, теннисші Рафаэль Надаль, Барселона командасының футболшысы Неймар сынды әйгілі спорт жұлдыздары кірген. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.