jasqazaq.kz

Дэниел Ергиннің кітабы қазақ тілінде жарық көрді

17 қараша 2016, 12:29

20161116_145202

Елордадағы Назарбаев университетiнде «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен белгiлi америкалық жазушы, Пулитцер сыйлығының лауреаты Дэниел Ергиннiң қазақ тiлiнде жарық көрген «The Quest» кiтабының тұсаукесер рәсiмi өттi. «Энергия көздерiн iздестiру жолында: Ресурстар шайқасы, жаңа технология және энергетика болашағы» кiтабы — Дэниел Ергиннiң қазақ тiлiне тәржiмаланған екiншi еңбегi. Ол жазушының Пулитцер сыйлығына ие болған «The Prize» немесе «Қазына: Мұнай, ақша, билiк үшiн күрестiң бүкiләлемдiк тарихы» шығармасының жалғасы.

Кездесуде «Астана» халықаралық қаржы орталығының жетекшiсi Қайрат Келiмбетов бұл еңбекте мұнай индустриясының тарихы баяндалғанын айтты. Автор энергетика, халықаралық саясат пен экономика саласындағы беделдi сарапшы ретiнде аса маңызды деректермен бөлiседi.

20161116_153028

— Бiздiң оқырмандарымыз үшiн аса құнды еңбек. Мұнай, энергетика саласында еңбек ететiн адамдар үшiн таптырмас дүние. Ал бiз әлемдегi мұнай өндiрушi жетекшi 20 елдiң қатарына енемiз. Бұл кiтаптың қазақ тiлiндегi нұқасының болмауы, әрине, бiздiң олқылығымыз болды. Сондықтан кiтаптың қазақ тiлiне аударылғанына қуаныштымыз. Тек қана классика емес, қазiргi заманғы еңбектер де қазақ тiлiне аударылуы қажет, — дедi Қайрат Қелiмбетов.

Тұсаукесер рәсiмге Қазақстанда сапармен жүрген кiтаптың авторы Дэниел Ергин қатысты. Ол бұл еңбегiнiң бес жылдық зерттеулердiң негiзiнде жазылғанын, онда қазiргi энергетикалық әлем мен оның болашағына толық талдау жасалғанын тiлге тиек еттi.

— Мен үшiн бұл кiтапты қазақ тiлдi оқырмандарға ұсыну аса маңызды. Өздерiңiз бiлетiндей, «ЭКСПО-2017» көрмесiнiң тақырыбы — болашақ энергиясы. Бұл ретте менiң кiтабым энергияның болашағын түсiну үшiн өз үлесiн қосады деген ойдамын, — дедi кездесуде америкалық жазушы.

Жиында Қайрат Келiмбетов тағы да бiрнеше әлемдiк бестселлердiң қазақ тiлiне аударылып жатқанын жеткiздi. Олардың тұсаукесерi келесi жылы өтедi.

Айымгул Әбілева

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде