jasqazaq.kz

Әйелі 4 баланы әкесіне тастап кетті

16 қараша 2016, 22:12

af91658e97cccb59fccba01086fe65a8

Павлодар облысы Жолқұдық ауылында төрт баласымен әйелі тастап кеткен жалғызбасты әке тұрады. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының студенттері сол отбасы жайлы естіген соң, бейжай қарамай қолдарынан келгенше көмек қолын созуға тырысты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»- демекші студенттерден жиналған ақшаға азық-түлік, үйге қажет заттарды алып, 67 жастан асып кеткен Қайыр Кошелековтің үйіне арнайы барып, жағдайларын көріп, біліп қайтты. Ауыл әкімдігіне өкпе-ренішін білдірген, Қайыр аға, айтқан уәделерін орындамай, қашқақтап жүргендерін тілге тие кетті. Барлығы тек көз бояушылық, экран алдында өз рольдерін ойнап қана қояды деп ренішін білдірді.

shyn.kz хабарлағандай, қоғамымызда бұдан да өткен маңызды мәселелердің бары ащы да болса шындық. Жарық дүние есігін ашқан нәрестені жолға, қоқысқа, дәретханаға лақтырудың белең алып кеткендігі сорақылықтың ең сұмдығы болар. Отбасын тастаған әкелер жайлы жиі еститін едік, бірақ, отбасын тастап хабарсыз кеткен ананың қылығы жаға ұстатарлық жағдай болып отыр.
Қайыр Кошелековтің үйіне барудағы мақсатымыз өмірдің қатал сынағына мойымай қарап, балаларына бас-көз болып отырған әкенің, анасыз өсіп келе жатқан балалардың жағдайына алаңдаушылық еді. Өмір тек кинодағыдай жылтыр дүниеден тұрмайтынын, оның азда болса шынайы бейнесін ашқымыз келді.

99fee8d5426423a3e26ad4439ffa1aa3
Жылы қабақпен қарсы алған Қайыр ағаның жүзінен әкелік қамқорлықтың белгісін аңғардық. Кішкентай 5 жастағы Шолпан алдымыздан жүгіріп шықты.Өзге балалары сабақта екен. Шолпанның жәудіреген көздерінен мейірім мен жылуға, ананың аяулы алақанына мұқтаж екендігін байқадық. Ата-ана отбасының негізгі, діңгегі, алтын қазығы екенін айтпасақ та болар…
«Дәл қазіргі сәтте жағдайым келгенше асырап жеткіземін, күндерін ешкімге қаратпаймын, өз күндерін өздері көре алатындай болғанға дейін жандарында болсам екен»- деген Қайыр ағаның әкелік тілегі Аллаһтың құлағына шалынсын демекпіз.

2d23c34a94194562ca4c1528999f8116
Жұлдыз, Ерсұлтан, Ербол, Шолпан есімді төрт баланы бағып отырған Қайыр ағаға ұзақ ғұмыр тілейміз. Балалары ержетіп, бойжетіп өмірден өз орындарын тауып, еліміздің бетке ұстар мықты азаматтары болса екен. Бұл өмірде ақшадан да жоғары орында тұратын мейірімділіктің барын ешқашанда ұмытпайықшы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде