jasqazaq.kz

ҰБТ-ның ең жоғарғы көрсеткіші 140 ұпай болады

16 қараша 2016, 15:22

20161005180249

ҰБТ-ның ең жоғарғы көрсеткіші 140 ұпайға дейін көбейді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желі арқылы халыққа  Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын түсіндіре бастады. Жаңа форматқа сай, енді тестілеудегі шекті балл — 125 балл емес, 140 ұпайға дейін көбейді. Министрліктің ақпаратына сүйенсек, тестілеудің жаңа форматы 2 блоктан құралады  деп хабарлайды ҚазАқпарат . Бірінші блокта 3 міндетті пән (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (қорыта білу, салыстыра білу, т.б. «Қазақстан тарихы» пәні) бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен («Математика» + «Физика», «Математика» + «География», «Биология» + «Химия», «Биология» + «География», «Шет тілі» + «Тарих», оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет + «Тарих», «География» + «Шет тілі», «Химия» + «Физика», «Тарих» + «Адам.Қоғам.Заң» — осы пәндер арасынан таңдалатын екі пән, шығармашылық экзамен) — 30 тапсырма беріледі екен.  «Сауаттылық бойынша тапсырма оқу арқылы талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау және т.б. дағдыларын тексеруге бағытталған. Бейінді пәндер бойынша тапсырмалар ұсынылған бес жауаптың ішінен тек жалғыз дұрыс жауабы бар 20 сұрақтан, сондай-ақ, көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауаптары бар 10 сұрақтан құралады. Бейінді пәндер бойынша тестілеу барысында бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтарды енгізу арқылы талапкерлердің нақты тақырыпты қаншалықты меңгергендері анық көрінеді. Сонымен қатар, бірнеше жауап варианттары бар тесттер жауаптарды тек жаттап алып немесе болжау арқылы беруге тосқауыл болады. Жалпы 120 сұрақ қойылады. Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды. ЖОО-ға түсу үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз — 50 балл деңгейінде қалдырылды. Ең жоғары көрсеткіш — 140 балл (бейінді пәндер бойынша берілген дұрыс жауаптар есебінен). Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады», — деп хабарланған министрліктің ақпаратында. Дереккөзіне сүйенсек, 2016-2017 оқу жылдарының түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді 20 маусым мен 1 шілде аралығында тапсырады. Ұлттық тестілеуді ақылы негізде тапсыру мүмкіндіктері де сақталып отыр — олар 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде