jasqazaq.kz

Еркінбек қазақы әуе шарымен келеді

08 қараша 2016, 16:56

Қытайдағы өнертапқыш қандасымыз Еркінбек Мұхтарбекұлы ЭКСПО-2017 көрмесіне қарай өзі жасаған, қазақи үлгідегі әуе шармен Шанхайдан Астана қаласына ұшып келмек.

20161108115949

ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ол, Қытайдың Шанхай қаласынан шығып, Жібек жолы бойымен жүріп өтіп, Астана қаласына ат басын тіреуді көздеп отырғанын мәлім етті. «Бұл менің Қазақстанда өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне дайындап жатқан тартуым деп білемін. Алла бұйырса, Қытайдың Шанхай қаласынан шығып, Жібек жолы бойымен жүріп өтіп, Астана қаласына ат басын тіреуді жоспарлап отырмын. Сол арқылы екі елдің достығын нығайтып, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің насихатталуына аз да болса үлесімді қосу», — дейді  Еркінбек Мұхтарбекұлы. Оның айтуынша, қазіргі күні әуешармен ұшып өту бағдары, жолда аялдау мәселесі пысықталып жатыр.

20161108115953

Сонымен бірге ол екі елдің достығын жаңғыртып, ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттауды мақсат етіп отырғанын айтты. «Бұл жобаны жасауға көптеген жылдар жұмсадым. Міне сәтімен бітіп, сынақтан өткіздім. Менің басты мақсатым — қазақтың өнерін, болмысын әлемге паш ету.

20161108115945

Қазақ ежелден бас киімді және тұлпарды қадірлеген халық сол себепті де әуешардың бейнесін қазақтың оюлы бас киіміне ұқсатып жобаладым. Ол үлкен биіктікке көтерілгенде біздің бас киімді жердегі бүкіл халық кигендей болады. Бұл — береке-бірліктің көрінісі.  Шардың астында тұлпардың мүсіні бейнеленіп, адам отыратын орын жасалған. Аспан кеңістігіне көтерілгенде, тұлпарға мініп қазақтың қас батыры ұшып келе жатқандай әсер қалдырады», дейді жоба авторы.   Оның айтуынша, жобаны жасауға жеке қаржысы және Қытайдағы демеуші қандастардан жинаған ақшасы жұмсалған. Дегенмен, соңғы  жұмыстарына қаражат жетпей тұрғанын да жасырмады. «Мүмкіндік болса қалталы азаматтардан қолдау күтемін», деді ол.

20161108115957

 

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді